"Арсенал" бағы ашылмаған "Реал" жұлдызына келісімшарт ұсынды
06.01.2026, 15:01
Родриго Гоэс мадридтік "Реал" сапынан осы қыста кетуі мүмкін.
Сурет: ашық дереккөздерден
Лондондық «Арсенал» мадридтік «Реалға» бразилиялық шабуылшы Родригоны трансферлеу бойынша ұсыныс жасады.
Fichajes пен Arsenal Radar деректеріне сүйенсек, «зеңбірекшілер» 60 миллион еуро көлемінде ресми оффер жолдаған. «Арсенал» басшылығы Родригоны клубтың жобасындағы негізгі фигуралардың бірі әрі команданың басты жұлдызы бола алады деп есептейді.
Алайда дәл осындай ұсынысты саудиялық «Әл-Хиляль» клубы да жасаған. Сауд Арабиясы командасының артықшылығы — ойыншыға жоғары жалақы ұсынуға дайын болуы.
Осы маусымда 24 жастағы Родриго барлық турнирлерде 22 матчқа қатысып, екі гол соғып, алты нәтижелі пас берген. Көптеген ойындарға Родриго қосалқы құрамнан қосылып отырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама