10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ұлттық құрама қорғаушысы ҚПЛ клубына ауысты

Сарапшы, спорт журналисі
06.01.2026, 15:47

Марат Быстров "Астана" сапынан кететіні белгілі болды.

Марат Быстров. Фото: ҚФФ

«Астана» клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров болашақтағы командасын анықтады, деп хабарлайды AmanVIBE.

«Тәжірибелі қорғаушы Марат Быстров жаңа маусымда Астанада қалады, алайда басқа клубтың — „Жеңіс“ ФК-ның намысын қорғайды. Менің мәліметімше, Қазақстан құрамасына үміткер ойыншы барлық шарттарды келісіп, жаңа клубпен келісімшартқа қол қойды. Өткен маусымда оң қаптал қорғаушысы ҚПЛ аясында „Астана“ сапында небәрі төрт матч өткізді. Ал елордалық клубтағы екі маусым ішінде Марат барлығы 30 ойынға қатысты», — деп жазады дереккөз.

Еске салайық, мансабында Марат Быстров Ресейдің «Тамбов», «Челябинск», «Ахмат» клубтарында, сондай-ақ қазақстандық «Ордабасы» мен «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасы сапында 38 матч өткізген. Transfermarkt порталы қорғаушының нарықтық құнын 250 мың еуро деп бағалайды.

Реклама
Реклама