«Самұрық-Қазына» елордалық клубқа үш миллиард теңге бөлуі мүмкін.
Журналист Елдар Аманбаевтың сөзінше, мұндай көлемдегі қаржыны клубқа әкімдік бөле қоюы екіталай. Сондықтан негізгі үміт — "Самұрық-Қазынаның" қолдауы.
Журналистің пайымдауынша, егер "Астана" қордан немесе ірі инвестордан тиісті қаржы ала алмаса, клубтың болашағы күрделеніп, тіпті жабылып қалу қаупі туындауы мүмкін.
Сондай-ақ ол ықтимал инвестор ретінде аты аталған Айдын Рахымбаев (BI Group басшысы) келсе де, клубқа «басқалар сияқты» аса көп қаржы бағыттай қоймайтынын айтып өтті. Мұндай жағдайда инвестор академия салу сияқты инфрақұрылымдық жобаға басымдық беруі ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін ақпарат кеңістігінде "Астананы" "Самұрық-Қазына" қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін деген әңгіме шыққан. Кейін ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов клубтың жекеменшікке өтетінін мәлімдеген.