10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресми: Ислам Чесноков – "Хартс" ойыншысы

Сарапшы, спорт журналисі
07.01.2026, 10:30

Шотландияның "Хартс" клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың трансферін ресми түрде жариялады.

Сурет: ашық дереккөздерден

Эдинбургтік клуб өзінің Instagram парақшасында футболшы Қазақстан туымен бейнеленген видео жариялап, оның Шотландияға дейінгі сапарының бастапқы нүктесі ретінде Қостанай қаласын көрсетті.

Өскемен футбол мектебінің түлегі «Тобол» сапында өнер көрсеткен кезеңде 92 матч өткізіп, 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Қазақстан ұлттық құрамасында ол 2023 жылдың қыркүйегінде дебют жасап, 20 матчта 2 голмен көзге түсті.

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының шотландиялық «Хартсқа» ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат 2025 жылдың басынан бері айтылып келген. Бұған дейін «Тобол» клубы Чесноковтың командадан кеткенін ресми түрде хабарлаған болатын.

Айта кетейік, «Хартс» — Шотландияның 4 дүркін чемпионы және ел Кубогының 8 дүркін иегері. Ел чемпионатының 20-турынан кейін «Хартс» 44 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Реклама
Реклама