10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайрат" Гиорги Зарияның болашағы жайлы шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі
07.01.2026, 11:06

Алматылық «Қайрат» клубы грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зарияның командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.

Гиорги Зария. Фото: "Қайрат" ФК

Гиорги Зария "Қайраттан“ кетті

28 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық клубтағы өнерін аяқтады.

"Гиорги "Қайратқа" 2024 жылдың басында қосылып, бірден маусым алдындағы дайындық кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті. Алғашқы ресми ойында-ақ ол жеңіс голын соғып, командаға маңызды жеңіс алып келді. 2024 жылғы маусымды Зария жоғары деңгейде өткізіп, 30 матчта 15 нәтижелі әрекет (гол+пас) жасап, Қазақстан Премьер-Лигасының үздік жартылай қорғаушысы атанды. Чемпионаттың соңғы турында ол „Атырауға“ қарсы ойында жалғыз әрі шешуші голдың авторы болып, „Қайратқа“ чемпиондық атақты сыйлады. Ал 2025 маусымында жартылай қорғаушы командаға қайтадан чемпион атануға, ел Суперкубогын жеңіп алуға және УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. Жалпы алғанда, „Қайрат“ сапында Зария 59 матч өткізіп, 16 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді», — делінген алматылық клубтың Instagram парақшасында.

Айта кетейік, „Қайраттағы“ тұрақты ойынының арқасында Гиорги Зария Грузия ұлттық құрамасына шақырту алды. Өткен маусымда ол алматылық клуб құрамында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде үш матчқа, ал негізгі кезеңінде бес ойынға қатысып, бір гол соқты.

Реклама
Реклама