Ислам Чесноков 11 қаңтарда "Хартс" сапында дебют жасамақ
07.01.2026, 11:42
Өткен түні Қазақстан құрамасының футболшысы шотландиялық "Хартс" клубының ойыншысы атанды.
Сурет: ашық дереккөздерден
Чесноков Эдинбург клубымен 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.
"Хартс" келесі ойынын 11 қаңтар күні Шотландия Премьер-Лигасының 22-туры аясында сырт алаңда "Дандиге" қарсы өткізеді. Айта кетейік, қазақстандық футболшының жаңа клубы 44 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр және "Рейнджерсті" үш ұпайға, ал "Селтикті" алты ұпайға артта қалдырып келеді.
Еске салайық, бұған дейін Ислам Чесноков қостанайлық "Тобол" клубында өнер көрсетіп, 92 матчта 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ол 20 ойын өткізіп, екі голдың авторы атанған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама