Офри Арад "Қайраттан" ресми түрде кетті.
27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Қайрат" сапындағы өнерін аяқтады.
Арад "Қайрат" 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде ойнады. Ал келесі маусымда ол тірек жартылай қорғаушы позициясына ауысып, қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Офри Арад "Қайрат" 2024 және 2025 жылдары чемпиондық атақтарды жеңіп алуға, 2025 жылы Қазақстан Суперкубогын иеленуге, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға көмектесті. "Қайраттағы" соңғы матчында ол Миландағы "Джузеппе Меацца” стадионында өткен ойында "Интер” қақпасына гол соқты (1:2).
Алматылық клуб құрамында үш маусым ішінде Офри Арад 92 матч өткізіп, үш гол соғып, он нәтижелі пас берген.