10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Абдукодир Хусанов тағы қымбаттады

Сарапшы, спорт журналисі
07.01.2026, 18:25

Transfermarkt порталы 2025 жылы посткеңестік кеңістіктегі ең көп қымбаттаған футболшылардың жаңартылған тізімін жариялады. 

nytimes.com

Хусановтың бағасы рекордтық өсім көрсетті

Transfermarkt дерегіне сәйкес, Абдукодир Хусановтың трансферлік құны бір жыл ішінде 23 миллион еуроға көтеріліп, қазіргі бағасы 35 миллион еуроға жетті.

Екінші орынға Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Матвей Кисляк жайғасты. Оның құны 18,8 миллион еуроға өсіп, 20 миллион еуроға жеткен. Үздік үштікті Ресей құрамасы мен "Локомотив" сапындағы Алексей Батраков түйіндеді. Оның бағасы 17 миллион еуроға артылып, 25 миллион еуро болып отыр.

Transfermarkt нұсқасы бойынша толық рейтинг

  1. Абдукодир Хусанов ("Манчестер Сити") — €35 млн (+€23 млн)
  2. Матвей Кисляк ("Локомотив") — €20 млн (+€18,8 млн)
  3. Алексей Батраков ("Локомотив") — €25 млн (+€17 млн)
  4. Егор Ярмолюк ("Брентфорд") — €25 млн (+€13 млн)
  5. Илья Забарный ("Борнмут") — €50 млн (+€12 млн)
  6. Жорж Микаутадзе ("Вильяреал") — €28 млн (+€10 млн)
  7. Данил Глебов (ЦСКА) — €8 млн (+€7,3 млн)
  8. Станислав Агкацев ("Краснодар") — €10 млн (+€6,5 млн)
  9. Арсений Батагов ("Трабзонспор") — €9 млн (+€6,2 млн)
  10. Олег Очеретько ("Шахтёр" Донецк) — €6 млн (+€5,2 млн)

Қазақстандықтар арасында ең көп қымбаттаған және ең қымбат ойыншы

Transfermarkt бағалауына сай, Қазақстан футболшылары арасында ең көп қымбаттаған ойыншы – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек: €600 мың (+€225 мың).

Ал Қазақстаннан шыққан ең қымбат ойыншы ретінде Қазақстан құрамасы мен "Қайрат" ФК шабуылшысы Дастан Сәтпаев көрсетілген — €3 млн.

Реклама
Реклама