10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әкімдік ҚПЛ командасын қаржыландыруды тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі
07.01.2026, 20:21

"Ақтөбе" алдағы маусымда облыстық бюджет есебінен қаржыландырылмайды. 

Instagram/@fcaktobe_official

Клубқа неше теңге бөлінеді?

Журналист Елдар Аманбаевтың айтуынша, 2026 жылы өңірлік билік "Ақтөбеге" шамамен 1,8 млрд теңге қарастыруы мүмкін. Алайда бұл қаражат негізгі командаға емес, клубтың басқа бағыттарына жұмсалмақ.

Атап айтқанда, бөлінетін қаржы мына салаларды қамтиды:

  • балалар футбол орталығын ұстау;
  • дубль құрамы;
  • әйелдер командасы;
  • футзал бағыты.

Негізгі команданы кім қаржыландырады?

Елдар Аманбаевтың телеграм-арнасындағы мәліметке сәйкес, "Ақтөбенің" негізгі командасы жеке қаржы есебінен қамтамасыз етіледі. Нақтырақ айтқанда, қаржыландыруды Нұрлан Артықбаев өз мойнына алуы ықтимал.

Айта кетейік, "Ақтөбенің" Нұрлан Артықбаевтың меншігіне өткені жөнінде ресми хабарлама әлі жарияланған жоқ. Сондықтан қазіргі ақпарат әзірше бейресми дерек ретінде қарастырылады.

Ақтөбеліктер өткен ҚПЛ маусымында 43 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орын алды. 

Реклама
Реклама