10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайраттан" тағы бір көшбасшы кетіп жатыр

Сарапшы, спорт журналисі
07.01.2026, 21:03

Оны түркиялық клуб шақырып жатыр. 

instagram/@gromyko_valera

Бас бапкермен жеке әңгіме өткен

Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко Түркияның "Газиантеп" клубына ауысуға жақын.

Legalbet дерегіне сүйенсек, 28 жастағы хавбек түрік командасының бас бапкері Бурак Йылмазбен жеке сөйлесіп үлгерген.

Келіссөз қашан басталуы мүмкін?

Ақпаратқа сәйкес, "Газиантеп" "Қайратпен" Громыконың трансфері бойынша келіссөзді алматылықтардың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Брюггеге" қарсы матчынан кейін бастауды жоспарлап отыр. Ойын 20 қаңтарда өтеді.

Валерий Громыко 2024 жылдың жазынан бері "Қайрат" сапында ойнап келеді.

Ол 2025/26 маусымында барлық турнирде 41 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы беларусь легионерінің нарықтық құнын 1,5 млн еуро деп бағалайды.

"Қайратпен" қандай трофей ұтты?

Громыко "Қайрат" құрамында Қазақстан чемпионы атағын екі рет жеңіп алды. Ел Суперкубогын иеленді.

Беларусь футболшысы бұған дейін БАТЭ, "Шахтёр" (Солигорск), "Минск", "Қайсар", "Арсенал" (Тула), "Торпедо" (Мәскеу) клубтарында өнер көрсетті.

Реклама
Реклама