10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Хартс" бапкері Ислам Чесноковтың ерекше тұсын атады

Сарапшы, спорт журналисі
08.01.2026, 10:57

Ислам Чесноков алтыншы қаңтар күні ресми түрде Шотландия клубына ауысқан болатын.

Ислам Чесноков. Фото: "Хартс" ФК

Шотландиялық «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Макиннес командаға жаңадан қосылған Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың басқа келген ойыншылардан ерекшелігі — оның халықаралық деңгейде мол тәжірибесінің бар екенін атап өтті.

Осы аптада «Хартс» Чесноковпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады. Футболшымен жасалған келісім 2028 жылға дейін жарамды. Эдинбургтік клубта ол 99-нөмірмен өнер көрсетеді.

"Бұған дейін де айтқанымдай, ол тәжірибе тұрғысынан бастапқыда-ақ тиімді позицияда тұр. Ол Қазақстандағы ең үздік командалардың бірінде ойнаған. Бұл — үлкен тәжірибе. Оның ұлттық құрама сапында 20-дан астам ойыны бар, сондықтан оның профилі біз қол қойған кейбір басқа жігіттерден өзгеше. Егер оған бейімделуге көмектесетін болсақ, ол команда ойынына айтарлықтай ықпал ете алады деп үміттенеміз", – деді Макиннес Hearts Standard басылымына берген сұхбатында.

"Хартс" келесі ойынын 11 қаңтар күні Шотландия Премьер-Лигасының 22-туры аясында сырт алаңда "Дандиге" қарсы өткізеді. Ислам Чесноков дебюттық ойынын дәл осы матчта өткізеді деп күтілуде.

Реклама
Реклама