Бірінші лига чемпиондары ОЖЖ Астанада өткізуде
08.01.2026, 12:12
Ақтаулық "Каспий" жаңа маусымға дайындығын бастап кетті.
Каспий ФК
Маңғыстау облысының «Каспий» футбол клубы жаңа маусымға дайындық аясында Астана қаласында алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады.
Жиын 5–16 қаңтар аралығында өтеді. Дайындық кезеңіне «Каспий» футбол орталығының түлектері шақырылып, қазіргі таңда қаралымнан өтіп жатыр.
Клубта әлі бас бапкер қызметі бос
Қазіргі уақытта ақтаулық клубтың бас бапкері ресми түрде тағайындалған жоқ. Бұған дейін бұл қызметке ресейлік маман Виктор Кумыков келеді деген ақпарат тарағанымен, клуб басшылығы бұл қауесетті жоққа шығарды.
Айта кетейік, «Каспий» екінші оқу-жаттығу жиынын жаңа бас бапкермен және жаңа легионерлермен бірге Түркияда өткізуді жоспарлап отыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама