10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресми: Антуан Семеньо – "Манчестер Сити" ойыншысы

Сарапшы, спорт журналисі
09.01.2026, 15:10

"Сити" ганалық шабуылшыны өз қатарына ресми түрде қосты.

Сурет: "Манчестер Сити" ресми парақшасынан

«Манчестер Сити» клубы өзінің ресми сайтында «Борнмуттың» вингері Антуан Семеньоны сатып алғанын жариялады. Тараптар 5,5 жылға арналған келісімшартқа қол қойды.

Трансфер қыстық ауысымның ең қымбаты атанды

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, трансфер құны 75 миллион еуроны (65 миллион фунт стерлинг) құраған. Ганалық вингер «Манчестер Сити» сапына қосылу үшін АПЛ-дың төрт бірдей клубынан — «Челси», «Тоттенхэм», «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтедтен» түскен ұсыныстардан бас тартқан. Бұл ауысымда футболшының испаниялық маман Хосеп Гвардиоланың жетекшілігімен ойнауға деген ықыласы шешуші рөл атқарған.

Ағымдағы маусымда 25 жастағы Антуан Семеньо Англия Премьер-лигасында 20 матч өткізіп, 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Реклама
Реклама