Елордалық «Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Андрей Демченконың айтуынша, қазір ең бастысы - масаттанып кетпеу.
Өткен маусымда жанкүйерлер көзайымына айналған қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты пікір айтылды. Елордалық «Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Андрей Демченко Sports24.kz берген сұхбатында Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» жас голкиперіне маңызды кеңес берді.
Демченконың айтуынша, Анарбеков үшін қазіргі кезеңде ең маңыздысы — табысқа масаттанып кетпеу:
«Анарбековке қазір ең бастысы — жас кезінде мұрнын шүйірмеу. Жылдам келген жетістік пен назар кейде жас футболшылардың дамуына кедергі келтіреді. Даңқ оның еңбекқорлығына әсер етпеуі керек. Ол әрі қарай да тынымсыз жұмыс істеп, дамуын жалғастырса, бұл оның мансабында шешуші рөл атқарады», — деді маман.
Бапкер жас қақпашының алдына нақты мақсат қойды:
«Қазіргі міндеті — Қазақстандағы бірінші нөмірлі қақпашы атану және ұлттық құраманың негізгі голкипері болу. Егер осы деңгейге жетсе, Еуропаның жақсы клубына ауысуға толық мүмкіндігі бар», — деп атап өтті Демченко.
Андрей Демченко кейбір футболшылардың Еуропаға ерте кетіп, өз әлеуетін аша алмай қалғанын да еске салды:
«Көп мысал бар: Мұхамед Салах та, Кевин Де Брёйне де алғашында „Челсиде“ ойнай алмады, бірақ кейін басқа клубтарда жұлдызға айналды. Кейде алдымен өз еліңде және ұлттық құрамада үздік болып, содан кейін ғана келесі қадам жасау әлдеқайда дұрыс», — деді ол.
Маман өз тәжірибесін де мысалға келтірді. Айтуынша, 17 жасында «Аяксқа» ауысқанына қарамастан, жоғары бәсекеге дайын болмағандықтан, командада тұрақтап қала алмаған.
Айта кетейік, Темірлан Анарбеков 2025 жылғы маусымда:
Оқи отырыңыздар:
Ұлттық құрама қорғаушысы ҚПЛ клубына ауыспақ
Өзбекстанның үздік бапкері ҚПЛ клубында жұмыс істемек
"Алтын доптың" екі дүркін иегері онкологиялық дертке шалдықты