Темірлан Ерланов еліміздің бес дүркін чемпиондарының намысын қорғайтын болды.
Қазақстандық қорғаушы Темірлан Ерланов жақын арада павлодарлық «Ертіс» клубының ойыншысы ретінде таныстырылады, деп хабарлайды ASnews.kz.
32 жастағы Ерланов өткен қыста ауысқан Қостанайдың «Тобыл» клубынан кетті. Сонымен қатар, қорғаушы алған жарақатынан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында бабына келуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін футболшыға "Қызылжар" клубы қызығушылық танытқанымен, Ерланов "Ертісті" таңдауды жөн көрді.
Абай облысының тумасы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 21 матч өткізіп, бір гол соққан. «Тобылға» дейін ол «Восток», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарында өнер көрсетті. Футболшының трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланып отыр.