"Сити" ганалық шабуылшыны өз қатарына ресми түрде қосты.
«Манчестер Сити» клубы өзінің ресми сайтында «Борнмуттың» вингері Антуан Семеньоны сатып алғанын жариялады. Тараптар 5,5 жылға арналған келісімшартқа қол қойды.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, трансфер құны 75 миллион еуроны (65 миллион фунт стерлинг) құраған. Ганалық вингер «Манчестер Сити» сапына қосылу үшін АПЛ-дың төрт бірдей клубынан — «Челси», «Тоттенхэм», «Ливерпуль» және «Манчестер Юнайтедтен» түскен ұсыныстардан бас тартқан. Бұл ауысымда футболшының испаниялық маман Хосеп Гвардиоланың жетекшілігімен ойнауға деген ықыласы шешуші рөл атқарған.
Ағымдағы маусымда 25 жастағы Антуан Семеньо Англия Премьер-лигасында 20 матч өткізіп, 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.