Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жұлдыз ауруы. Анарбековке маңызды ескерту жасалды

Сарапшы, спорт журналисі

Елордалық «Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Андрей Демченконың айтуынша, қазір ең бастысы - масаттанып кетпеу. 

Жұлдыз ауруы. Анарбековке маңызды ескерту жасалды
kff.kz

Өткен маусымда жанкүйерлер көзайымына айналған қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты пікір айтылды. Елордалық «Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Андрей Демченко Sports24.kz берген сұхбатында Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» жас голкиперіне маңызды кеңес берді.

Демченконың айтуынша, Анарбеков үшін қазіргі кезеңде ең маңыздысы — табысқа масаттанып кетпеу:

«Анарбековке қазір ең бастысы — жас кезінде мұрнын шүйірмеу. Жылдам келген жетістік пен назар кейде жас футболшылардың дамуына кедергі келтіреді. Даңқ оның еңбекқорлығына әсер етпеуі керек. Ол әрі қарай да тынымсыз жұмыс істеп, дамуын жалғастырса, бұл оның мансабында шешуші рөл атқарады», — деді маман.

Бапкер жас қақпашының алдына нақты мақсат қойды:

«Қазіргі міндеті — Қазақстандағы бірінші нөмірлі қақпашы атану және ұлттық құраманың негізгі голкипері болу. Егер осы деңгейге жетсе, Еуропаның жақсы клубына ауысуға толық мүмкіндігі бар», — деп атап өтті Демченко.

Салах және Де Брёйнемен салыстыру

Андрей Демченко кейбір футболшылардың Еуропаға ерте кетіп, өз әлеуетін аша алмай қалғанын да еске салды:

«Көп мысал бар: Мұхамед Салах та, Кевин Де Брёйне де алғашында „Челсиде“ ойнай алмады, бірақ кейін басқа клубтарда жұлдызға айналды. Кейде алдымен өз еліңде және ұлттық құрамада үздік болып, содан кейін ғана келесі қадам жасау әлдеқайда дұрыс», — деді ол.

Маман өз тәжірибесін де мысалға келтірді. Айтуынша, 17 жасында «Аяксқа» ауысқанына қарамастан, жоғары бәсекеге дайын болмағандықтан, командада тұрақтап қала алмаған.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков 2025 жылғы маусымда:

  • Қазақстан Премьер-лигасында — 13 матч;
  • Чемпиондар лигасында — 5 ойын өткізді;
  • жанкүйерлер дауыс беруі нәтижесінде 2025 жылғы маусымның үздік ойыншысы атанды.

Оқи отырыңыздар:

Ұлттық құрама қорғаушысы ҚПЛ клубына ауыспақ

Өзбекстанның үздік бапкері ҚПЛ клубында жұмыс істемек

"Алтын доптың" екі дүркін иегері онкологиялық дертке шалдықты

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір