Қазақстан чемпионатында жаңа команда пайда болады
"Тараз" ФК биыл Екінші лигаға қатысу үшін жастар командасын құрып жатқанын мәлімдеді.
instagram/@fctaraz.official
Клуб мәлімдемесі: "Жастарға үлкен футболға жол ашылады"
Клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Таразда" екінші дивизионға арналған құрам жасақталып жатыр. Бұл бастама жергілікті жас ойыншылар үшін тәжірибе жинап, кәсіби деңгейге көтерілуге мүмкіндік бермек.
Клуб мәлімдемесінде қала енді Бірінші лигаға қосымша Екінші лигада да өз командасына ие болатыны, бұл жергілікті жастар үшін үлкен мүмкіндік әрі үлкен футболға апарар “дәліз” екені атап өтілген.
Осылайша "Тараздың" түрлі жас және негізгі құрамдары:
- QJ League (Юниорлар лигасы),
- Екінші лига,
- Бірінші лигада өнер көрсетеді.
"Тараздың" тарихы мен соңғы нәтижесі
Айта кетейік, "Тараз" – Қазақстан футболындағы атақты ұжымдардың бірі:
- Қазақстан чемпионы (1996 жыл)
- Қазақстан кубогының иегері (2004 жыл)
Өткен маусымда клуб Бірінші лигада ойнап, турнир кестесінде 8-орын алды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet