ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Астана" көшбасшысы РПЛ клубына ауысты

Самараның "Крылья Советов" клубы трансфер нарығында бірден екі мәміле жасады.

"Астана" көшбасшысы РПЛ клубына ауысты
kazfootball.kz

"Крылья Советов" кімдерді алды?

Команда ЦСКА-дан 21 жастағы беларусь шабуылшысы Артём Шуманскийді маусым соңына дейін жалға алып, ал "Астананың" нигериялық форварды Джеффри Чинедуды толыққанды келісіммен қатарға қосты.

Чинеду 2024 жылдың жазынан бері "Астананың" намысын қорғады.

Қазақстандық клуб сапында 54 ойын өткізіп, 27 гол және 4 нәтижелі пас тіркеді.

Чинедудың "Астанадағы" жетістіктері

Нигериялық шабуылшы елордалық клубпен бірге:

  • Ел кубогын жеңіп алды,
  • ҚПЛ-да екі мәрте күміс жүлдегер атанды,
  • Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетті.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.