Қазақстан чемпионы Абу-Даби қаласындағы оқу-жаттығу жиынында Бакудің "Нефтчиімен" жолдастық матч өткізді.
Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері ойынның негізгі бөлігінде қарсылас қақпасын бұза алмады. Ал "Нефтчи" екінші таймда басымдықты күшейтіп, үш гол соғып кетті.
Осылайша "Қайрат" жиындағы алғашқы ойынында ірі есеппен ұтылды.
Алматылық клубтың келесі жолдастық матчы 14 қаңтарда өтеді. Қарсылас — Хорватияның "Вараждинч клубы.
ҚПЛ чемпионы БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынын 15 қаңтарда аяқтайды. Бұдан кейін команда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойындарын жалғастырады.
Клуб 20 қаңтарда 7-тур аясында бельгиялық "Брюггені" қабылдайды. Ойын Астанада өтеді.
Бакудің "Нефтчиі" — Әзербайжан футболындағы ең титулды командалардың бірі:
Айта кетейік, 1991 жылы "Қайрат" пен "Нефтчи" КСРО Бірінші лигасында кездесіп, алматылықтар 5:1 есебімен жеңіске жеткен.