Атырауда биыл халықаралық талаптарға сай жаңа футбол стадионының құрылысы басталмақ.
Атырауда 12 мың көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл мәліметті баспасөз брифингінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов жеткізген.
Оның айтуынша, жоба үш жылға есептелген.
Жаңа аренаның құрылысымен қатар "Мұнайшы" стадионы да күрделі жөндеуден өтеді. Бұл алаңда Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын "Атырау" үй матчтарын өткізеді.
Қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін стадионның сыйымдылығы 8 мыңнан аса көрерменге дейін ұлғаяды. Нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы толық дайын екені айтылды.
Еске салайық, Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жаңарту мен жаңа ареналар салу бойынша бірнеше жоба қатар жүзеге асуда. Қазір Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Көкшетауда жаңа стадиондар әртүрлі кезеңде қолға алынған.
Негізгі жоспарланған жобалар: