Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Алтын доптың" екі дүркін иегері онкологиялық дертке шалдықты

Сарапшы, спорт журналисі

«Алтын доптың» екі дүркін иегері, ағылшын футболының танымал өкілі Кевин Киганға қатерлі ісік диагнозы қойылды.

"Алтын доптың" екі дүркін иегері онкологиялық дертке шалдықты
Кевин Киган

Бұл ақпарат Кевин Киган бұрын өнер көрсеткен «Ньюкасл Юнайтед» клубының ресми сайтында жарияланды.

Клубтың хабарлауынша, Киган іш қуысы аумағындағы ұзақ уақыт бойы мазалаған ауырсынуға байланысты ауруханаға түскен. Жүргізілген қосымша медициналық тексерулер барысында дәрігерлер одан қатерлі ісік анықтаған.

Қазіргі уақытта 74 жастағы футбол ардагері ем қабылдауды бастап кеткен. Ол өзіне көрсетілген жедел медициналық көмек пен күтім үшін дәрігерлерге алғыс білдірген. Ал Киганның отбасы бұл қиын сәтте жеке өмірге құрметпен қарауды өтініп, қосымша пікір беруден бас тартты.

Айта кетейік, Кевин Киган Германияның «Гамбург» клубында ойнаған кезеңінде 1978 және 1979 жылдары қатарынан «Алтын допты» жеңіп алған. Ол – бұл марапатты екі рет иеленген ағылшын футболындағы жалғыз ойыншы.

Киган Англияның ірі клубтарында ойнаған

Футболшы ретінде Киган «Ньюкасл», «Ливерпуль», «Сканторп Юнайтед», «Саутгемптон» және Австралияның «Блэктаун Сити» клубтарының намысын қорғады. «Ливерпуль» сапында ол Англия чемпионатын үш рет, Англия Суперкубогын екі мәрте, сондай-ақ Англия кубогы, Чемпиондар кубогы мен УЕФА кубогын жеңіп алды. Ал «Гамбургпен» бірге Германия чемпионы атанып, ел кубогын олжалады.

Бапкерлік қызметінде Кевин Киган «Ньюкасл», «Фулхэм», сондай-ақ Англия ұлттық құрамасында жұмыс істеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір