Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Топ-5 пен еурокубоктар: «Оқжетпеске» жаңа маусымға өршіл мақсат жүктелді

Сарапшы, спорт журналисі

Көкшетаулық "Оқжетпестің" жаңа маусымға мақсаттары белгілі болды.

Топ-5 пен еурокубоктар: «Оқжетпеске» жаңа маусымға өршіл мақсат жүктелді
"Оқжетпес" ФК

Көкшетау әкімі әрі Ақмола облыстық футбол федерациясының президенті Ануар Құмпекеев баспасөз мәслихатында «Оқжетпес» клубының жаңа бас бапкері Ринат Әлуетовке алдағы КПЛ маусымына арналған мақсат-міндеттерді айқындап берді.

«Команданың жоспарлары ауқымды, әлеуеті өте жоғары. Бұл оңай міндет емес, оны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерді салу қажет. 

Қала әкімінің негізгі тапсырмасы клубтың үздік бес клуб қатарына кіру екенін де айтып өтті:

"Сіздің алдыңызда мынандай міндеттер қойылады: өткен маусымдағы деңгейде өнер көрсету, ал ашығын айтсақ, сол нәтижеден де асып түсіп, 4–5-орындардан төмен түспей, еурокубоктарға қатысуға мүмкіндік алу; жергілікті жас ойыншыларға басымдық беріп, болашағынан үміт күттіретін футболшыларға шанс беру; клубтың намысын және облысымыздың беделін абыроймен қорғайтын, ұйымшыл әрі жауынгерлік рухтағы ұжымды қалыптастыру.

Бұл міндеттер толықтай жанкештілікті және жоғары кәсібилікті талап етеді. Біз сіздің команданы жаңа жетістіктерге бастай алатыныңызға сенімдіміз», – деді Құмпекеев.

2025 жылғы КПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Оқжетпес» 35 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орынға тұрақтады. Бюджеті шектеулі әрі бір жыл бұрын Бірінші лигада ойнаған клуб маусым басында бірнеше алпауыт қарсыластарын жеңіп, сенсация жасаған болатын.

Айта кетейік, Ринат Әлуетовтің соңғы жұмыс орны «Ертіс» клубы болды. Өткен маусымда ол бұл командамен бірге КПЛ-ға шығу міндетін сәтті орындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір