10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ғалымжан Кенжебек ресми түрде РПЛ клубына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
10.01.2026, 20:27

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек "Ахмат" клубымен келісімшартқа қол қойды.

instagram/@akhmatgrozny

"Ахматтың" ресми мәлімдемесі: келісім 4,5 жылға

Грозныйлық ұжым ойыншының трансферін клубтың телеграм-арнасында ресми түрде жариялады. Мәліметке сәйкес, Кенжебек медициналық тексерістен өтіп, сенбі күні 4,5 жылдық келісімшартқа қол қойған.

Клуб дерегінде ойыншының позициясы мен жеке мәліметтері де көрсетілген:

  • Позициясы: шабуылға бейім жартылай қорғаушы
  • Туған күні: 12.02.2003
  • Бойы: 177 см
  • Салмағы: 79 кг

Кенжебектің соңғы клубы және ҚПЛ-дегі статистикасы

Еске сала кетейік, 2025 жылдың жазында Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубынан семейлік "Елімайға" ауысқан.

ҚПЛ-дегі жарты маусым ішінде оның көрсеткіші мынадай:

  • 11 матч
  • 6 гол
  • 4 нәтижелі пас

Қазақстан құрамасындағы көрсеткіші

Ұлттық құрама сапында Кенжебек 9 матч өткізді. Үш гол соғып, бір ассист жасады. 

"Ахматтың" турнирлік жағдайы және қазақстандық легионерлер

РПЛ-дың 18-туры аяқталғаннан кейін "Ахмат" 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орында тұр.

Айта кетейік, грозныйлық командада Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов та өнер көрсетеді. Ал бас бапкері — Станислав Черчесов. Кенжебек дәл осы маманның тұсында ұлттық құрамада дебют жасаған.

Реклама
Реклама