Ғалымжан Кенжебек жаңа клубында алғашқы жаттығуын өткізді (ФОТО)
11.01.2026, 16:33
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің "Ахмат" клубында алғашқы жаттығуына қатысты.
instagram/@akhmatgrozny
Клубтың Instagram парақшасында Кенжебек пен командаға жаңадан қосылған өзге ойыншылардың суреті жарияланып, жазбаға: "Жаңа ойыншылар жұмысқа кірісті" деген сипаттама берілген.
Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебектің бұған дейінгі командасы — "Елімай". 2025 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында ол 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
Кәсіби мансабында жартылай қорғаушы бірнеше ұжымның намысын қорғады. Атап айтқанда, ол "Қайрат", "Қайрат-Жастар", "Мақтаарал", "Жеңіс", Кипрдің "Акритас Хлоракас" клубы және Словакияның "Кошице" командасында өнер көрсетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама