10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ислам Чесноков бүгін "Хартс" сапында алаңға шыға ма?

Сарапшы, спорт журналисі
11.01.2026, 18:25

Қазақстандық вингер Ислам Чесноков Шотландия чемпионатының 22-туры аясындағы "Дандиге" қарсы матчта "Хартстың" қосалқы құрамында қалды. 

sports.kz

Чесноков неге негізгі құрамнан тыс қалды?

Клуб жариялаған бастапқы тізімге сәйкес, Чесноков кездесуді қосалқы құрамнан бастайды. Осылайша "Хартс" ойынға бапкерлер штабы таңдаған негізгі құраммен шығады.

"Хартс" матчқа мына құрамда алаңға шығады:

Шволов, Халкетт, Маккарт, Банингиме, Шанкленд, Брага, Делвин, Финдли, Магнуссон, Альтена, Кизиридис.

Чесноков "Хартсқа" қалай келді?

Еске салсақ, Ислам Чесноков шотландиялық клубқа "Тобылдан" еркін агент ретінде ауысқан. Ол ҚПЛ-2025 маусымында қостанай команда сапында 25 матч өткізіп, 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Жарияланған мәлімет бойынша, қазіргі сәтте "Хартс" Шотландия чемпионатында 44 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Данди" 22 ұпаймен турнир кестесінде тоғызыншы орынға жайғасқан.

Реклама
Реклама