Мәскеулік "Динамо" және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Instagram парақшасында үміт сыйлаған жазба жариялады.
Футболшы залдағы жаттығудан видео бөлісіп, оған: "Жұмысқа қайта кірісіп жатырмыз" деген мағынада жазба қалдырған. Жазба жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, ойыншының алаңға оралуы жақын екенін аңғартты.
Бақтиер Зайнутдинов ағымдағы маусымда Ресей чемпионаты мен Ресей кубогында "Динамо" сапында 10 матч өткізген. Алайда бұл ойындарда гол немесе нәтижелі пас тіркелмеген.
Қазақстандық жартылай қорғаушы соңғы рет қазан айының ортасында матчқа қатысып, содан кейін жарақатынан кейін қалпына келу кезеңін өткерген.
Қазір Ресей чемпионаты қысқы үзілісте. Маусым ақпан айының соңында қайта жалғасады.