Реклама
Реклама

Ресми: Ибрагимович "Аякс" ойыншысы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
14.01.2026, 15:52

Нидерланд клубы өз парақшасында ресми хабарлама жариялады. Златан Ибрагимовичтың ұлы енді "Аякс" жейдесінде өнер көрсетпек.

Фото: "Аякс" ФК

Шведиялық шабуылшы Максимилиан Ибрагимович — аты аңызға айналған футболшы Златан Ибрагимовичтің ұлы — Нидерландтың «Аякс» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Аякс» Максимилиан Ибрагимович пен «Милан» клубымен 19 жастағы шабуылшыны жалға алу жөнінде келісімге келді. Жалға алу шарты алты айға, яғни осы маусымның соңына дейін жасалды. Келісімде «Аякс» үшін сатып алу (выкуп) опциясы қарастырылған.

Ибрагимович (Лунд, Швеция, 2006 жылғы 22 қыркүйек) 2022 жылы «Хаммарбю» жастар академиясынан «Миланның» жастар академиясына ауысқан. Соңғы алты айда оң аяқпен ойнайтын футболшы Италияның Серия D лигасында өнер көрсететін клубтың екінші командасы — «Милан Футуро» сапында ойнады.

Златан Ибрагимович туралы

Златан Ибрагимович — Швеция футболының ең үлкен жұлдыздарының бірі, шабуылшы ретінде әлемдік футболда ерекше із қалдырған ойыншы. Ол мансабында «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «LA Galaxy» сияқты топ-клубтарда ойнап, көптеген трофей ұтты.

Златан 2001–2004 жылдары «Аякс» клубында ойнап, дәл сол жерде Еуропаға кең танылды: Амстердамдағы кезеңі оның үлкен футболдағы серпілісінің бастауына айналды. 

Реклама
Реклама