Реклама
Реклама

Марио Балотелли ҚПЛ клубына үндеу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
14.01.2026, 16:59

Танымал адиозды италиялық шабуылшы Марио Балотелли ҚПЛ клубына сәттілік тіледі.

Марио Балотелли.

Қазақстандық клубтар жаңа маусымға тыңғылықты дайындығын бастап кетті.

Солардың бірі, қызылордалық "Қайсар" алғашқы оқу-жаттығу жиындарында БӘА-лық "Аль-Иттифак" клубынан жеңіліс тапты. Қорытынды есеп 1:2. Матчтың соңында италиялық танымал шабуылшы Марио Балотелли ҚПЛ клубына сәттілік тіледі:

"Қайсар", осы маусымда көптеген жеңіс тілеймін", – деді танымал шабуылшы.

Балотелли жайлы

Марио Балотелли — футбол әлеміндегі ең даулы әрі есте қаларлық есімдердің бірі. Алаңда ол жылдам шешім қабылдап, қарсылас қақпасына қауіпті сәттер тудыратын талантты шабуылшы ретінде танылса, алаң сыртында және ойын кезіндегі эмоцияға берілгіштігі, тәртіпке қатысты эпизодтары үшін жиі сынға ұшырады. Reuters оның мансабында жарақаттармен қатар тәртіп мәселелері де болғанын атап өтеді.

Балотелли әр кезеңде түрлі чемпионаттарда ойнап үлгерді. Ол "Интер", "Манчестер Сити", "Милан", "Ливерпуль", "Ницца", "Марсель", сондай-ақ "Брешия", "Монца", "Сьон", "Адана" және "Дженоа" сияқты клубтарда доп тепті.

Ал қазіргі таңда 35 жастағы форвард Дубайдың "Аль-Иттифак" командасына ауысты.

"Қайсар" былтырғы маусымда қалай өнер көрсетті?

ҚПЛ-2025 маусымында қызылордалық клуб тек Қазақстандық ойыншылармен ойнап, турнирлік кестеде 11 орында аяқтаған еді. Маусым аяқталғаннан соң, "Қайсар" клубы жекеменшікке өтті деген ақпар шықты. Нәтижесінде клуб жергілікті жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақовқа сеніп тапсырылады. Жаңа клуб иесі жуырда футбол академиясының ашылуына 12 млрд теңге құюды көздеп отыр.

Реклама
Реклама