Реклама
Реклама

Нигерия Африка кубогының қола жүлдегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
18.01.2026, 10:36

Ливерпуль жұлдызы Мұхамед Салах пенальтиден мүлт кетті. "Ситиде" ойнайтын Омар Мармуш та гол соға алмады.

sport-express.net

2025 жылғы Африка кубогының үшінші орын үшін өткен матчында Нигерия құрамасы мысырлық команданы пенальти сериясында жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Египет пен Нигерия арасындағы кездесу Марокконың Касабланка қаласындағы «Мұхамед V» стадионында өтті. Ойынның негізгі уақыты тартысты өткенімен, есеп ашылмады. 

Пенальти сериясындағы шешуші сәт

Қола жүлденің тағдыры пенальти сериясында анықталды. Нигерия құрамасы оны дәлірек орындап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Маңызды сәттердің бірі — Мысыр құрамасының көшбасшысы Мұхамед Салах пенальтиден мүлт кетті.

Жартылай финалдағы нәтижелер

  • Нигерия — Марокко: 0:0, пенальтиде 2:4
  • Египет — Сенегал: 0:1

Турнир туралы

Айта кетейік, Африка ұлттар кубогы-2025 Мароккода өтіп жатыр. Турнирге бастапқыда 24 ұлттық құрама қатысқан. Жарыс 18 қаңтарда аяқталады. Қазіргі чемпион — Кот-д’Ивуар құрамасы. Биылғы финалда Сенегал мен Марокко құрамалары кездеседі.

Реклама
Реклама