Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноның табысы соңғы он жыл ішінде төрт есеге жуық артқан.
Le Monde келтірген мәліметке сүйенсек, Инфантино FIFA тізгінін шамамен 10 жыл бұрын бұрынғы президент Зепп Блаттерден кейін қолға алған кезде оған жылына 1,5 млн доллар көлемінде жалақы белгіленген.
Содан бері АҚШ-тың салық органдары саласындағы сарапшылардың дерегінше, FIFA басшысының жалақысы төрт есе ұлғайған.
Бүгінгі таңда Джанни Инфантиноның бір жылдық кірісі 6,133 млн доллар. Бұл сома бірнеше бөліктен тұрады:
Сондай-ақ соңғы әлем чемпионаты — Катардағы мундиаль FIFA президентіне қосымша қаржылай сыйақы әкелген. Оның мөлшері 1,77 млн еуро болған.