Алматының "Қайраты" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі Қазақстандағы соңғы ойынын елордада өткізеді. 7-тур аясында "Брюггеге" қарсы матч қарсаңында билет сатылымы әлі толық қарқын алған жоқ.
Электронды билет сататын банк қосымшасындағы дерекке сүйенсек, қазір билеттердің шамамен 50 пайызы ғана сатылған.
Ал “Астана Арена” стадионының сыйымдылығы — 30 мың көрермен.
Көбірек сұранысқа ие болғаны — қақпа артындағы секторлар:
Бұл матч алматылық клуб үшін Чемпиондар лигасы аясындағы Қазақстандағы соңғы “үй” ойыны болмақ. Сондықтан трибуналардың қаншалықты толатыны — жанкүйерлік қолдаудың нақты көрсеткіші.