Реклама
Реклама

ҚПЛ-да тағы бір жекеменшік клуб пайда болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:01

Клубты сатып алу бойынша құжаттарды рәсімдеу басталып кеткен. 

Inbusiness.kz

Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) тағы бір клуб жеке меншікке өткелі жатыр. Атап айтқанда, «Атырау» футбол клубын елдің батысындағы ірі мекеме иесі басқаруға алады. 

Telegram-дағы AmanVIBE арнасының мәліметі бойынша, Батыс өңірде ірі логистикалық компания саналатын «Ақ-руно» компаниясының иесі Алимбек Мұқанов клубты сатып алу бойынша құжаттарды рәсімдеуді бастап кеткен. Егер мәміле толық аяқталса, «Атырау» ҚПЛ-дағы алтыншы жекеменшік клуб атанады.

Жекешелендірілген клубтар саны артып келеді

Бүгінде Қазақстан Премьер-Лигасында жекеменшік басқаруға өткен клубтар тізімі мынадай:

  • «Жеңіс»
  • «Елімай»
  • «Ақтөбе»
  • «Қызылжар»
  • «Қайсар»

«Атырау» бұл тізімді толықтыруы мүмкін.

Айта кетейік, өткен маусымда «Атырау» ҚПЛ-да 11-орын алып, турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасқанымен, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Оқи отырыңыздар: 

Қазақстандық файтер топ-лигадағы дебюті үшін қомақты сыйақы алды

Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады

"Қайрат" – "Брюгге" матчына Бельгиядан 500 жанкүйер келмек

Реклама
Реклама