Қазақстандық теннисшілер Australian Open турнирінде өз жолын бастады. Осы жолы кезек Зарина Диясқа келіп жетті.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 290-орын) 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының (Australian Open) алғашқы айналымында кортқа шықты.
Турнирдің бастапқы кезеңінде Диясқа Испания өкілі, бір кездері әлемнің екінші ракеткасы болған Паула Бадоса (WTA №26) қарсы тұрды. Матчта тәжірибелі испан теннисшісі басымдық танытып, ойынды екі сетте аяқтады — 6:2, 6:4. Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.
Осы нәтижеден кейін Паула Бадоса турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Ресей теннисшісі Оксана Селехметьевамен (WTA №101) кездеседі.
Еске сала кетейік, Australian Open-2026 жарысы Мельбурн қаласында 18 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Турнирдің басты бәсекелері алдағы күндері қыза түсіп, әр айналымда тартыс күшейе бермек.