45 жастағы Винус Уильямс тарихи рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі

Бұрын-соңды болмаған оқиға Australian Open турнирінде тіркелді. Ол 1968 жылдан бері жаңармай келді. 

45 жастағы Винус Уильямс тарихи рекорд орнатты
news.sportbox.ru

Америкалық атақты теннисші Винус Уильямс Australian Open турнирінің тарихына есімін тағы бір мәрте жазды. 45 жастағы (215 күн) Винус Уильямс әйелдер арасындағы жекелей сында Australian Open турнирінде өнер көрсеткен ең жасы үлкен теннисші атанды. Бұл — 1968 жылдан бері тіркелген рекордтық көрсеткіш.

Алғашқы айналымдағы матч

Уильямс турнирге wild card арқылы қатысып, алғашқы айналымда сербиялық Ольга Даниловичке жол берді. Кездесу үш сетке созылып, 1:2 есебімен аяқталды — 7:6 (7:5), 3:6, 4:6.

Айта кетерлігі, шешуші үшінші сетте Винус 4:0 есебімен алда тұрғанымен, кейін қатарынан алты геймде жеңіліп, матчты қарсыласына беріп қойды.

Десе де, америкалық теннисші жарысты толық аяқтаған жоқ. Ол жұптық сында ресейлік Екатерина Александровамен бірге өнер көрсетеді. Екі спортшы алғашқы ойынын 20 қаңтарда өткізеді.

Үлкен дулығадағы соңғы жеңіс

Винус Уильямс «Үлкен дулыға» турнирлерінде соңғы рет 2021 жылы жеңіске жетті. Ал Australian Open жарысында ол соңғы бес жылда алғаш рет кортқа шықты.

Винус Уильямстың Australian Open-тегі жетістіктері: 

  • Жекелей сында финалист: 2003, 2017
  • Жұптық сында чемпион: 2001, 2003, 2009, 2010
  • Микст санатында чемпион: 1998

Айта кетейік, Винус Уильямс өткен жылдың соңында тұрмысқа шығып, бірнеше күн бойы бұл қуанышын тойлаған болатын.

Оқи отырыңыздар: 

"Ақтөбе" тағы бір трансфермен таңқалдырмақ

Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады

"Біз дайынбыз!" Жәнібек Әлімханұлының тағдыры бүгін шешіледі

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір