Футболшының есімі әзірге құпия сақталуда. Белгілісі, ол өте атақты ойыншы.
Ақтөбелік клуб айналасындағы трансферлік әңгіме күн өткен сайын қыза түсуде. Sportarena.kz мәліметінше, Луиш Нани мен Миралем Пьяничтің ықтимал ауысымдарынан бөлек, «Ақтөбе» тағы бір атақты футболшыны қатарға қосуды көздеп отыр.
«Қызыл-ақтар» трансферлік науқанды тоқтататын түрі жоқ. Клуб басшылығы команда құрамын топ деңгейдегі тағы бір ойыншымен толықтыруды жоспарлап отыр. Алайда футболшының есімі әзірге құпия сақталуда.
«Трансферлер мұнымен бітпейді. “Қызыл-ақтар” Пьянич пен Наниден бөлек, тағы бір топ ойыншыны сапына қосуды көздеп отыр», — деп жазады басылым.
Айта кетейік, «Ақтөбе» қазіргі таңда бас бапкер Николай Костовтың жетекшілігімен жаңа маусымға дайындалып жатыр. Клубтың амбициясы жоғары — команда чемпиондыққа таласуға ниетті екенін трансферлік саясатынан-ақ аңғаруға болады.
Бұған дейін БАҚ беттерінде португалиялық Луиш Нани мен босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьяничтің «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.
Оқи отырыңыздар:
"Қайрат" – "Брюгге" матчына Бельгиядан 500 жанкүйер келмек
Пьянич пен Смоловтың "Ақтөбеге" ауысуына қатысты тың мәлімет шықты
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады