Пьянич пен Смоловтың "Ақтөбеге" ауысуына қатысты тың мәлімет шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Келіссөздер жүріп жатыр. Жағдай әзірге 50/50. 

Пьянич пен Смоловтың "Ақтөбеге" ауысуына қатысты тың мәлімет шықты
matchtv.ru

«Ақтөбе» футбол клубына қатысты соңғы күндері қызу талқыланған трансферлік ақпараттар бойынша тың мәлімет пайда болды. Атап айтқанда, босниялық жартылай қорғаушы Миралем Пьянич пен ресейлік шабуылшы Федор Смоловтың клубқа ауысу ықтималдығы жөнінде AmanVIBE дереккөзі пікір білдірді. 

Дереккөздің мәліметінше, Пьяничке қатысты келіссөздер расымен жүріп жатыр, алайда нақты шешім қабылданбаған.

«Достар, ішінара растаймын. “Ювентус” пен “Барселонаның” бұрынғы ойыншысына қатысты жағдай әзірге 50/50. Келіссөздер бар, бірақ бір нюанс та жоқ емес — оны кейінірек айтамын», — делінген ақпаратта.

Ал Федор Смоловқа қатысты ақтөбелік жанкүйерлер үшін жаңалық көңіл көншітпейді.

«Федор Смоловқа келсек, өкінішке қарай, бұл — фейк», — деп нақтылады дереккөз.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» құрамын әлемге танымал футболшылармен күшейтуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Солардың қатарында бұрын «Манчестер Юнайтед» сапында және Португалия құрамасында өнер көрсеткен Луиш Нани бар.

Еске салайық, жуырда «Ақтөбе» клубының иесі ауысқаны белгілі болды. Команданы кәсіпкер Нұрлан Артықбаев сатып алды. Forbes дерегіне сәйкес, оның байлығы 228 миллион АҚШ долларына бағаланады.

Оқи отырыңыздар: 

"Сәлем Астана!" "Қайраттың" қарсыласы елордаға келді

Нани аз болды: "Ақтөбе" тағы бір супержұлдызбен ҚПЛ-ды "жарып" жібермек

Қытайда екі марафоншы темекі шеккені үшін жарыстан шеттетілді

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір