Қытайдағы Сямэнь марафонында ұйымдастырушылар екі қатысушыны қатаң жазалап, жүгіру барысында темекі шеккені үшін дисквалификациялады.
China Daily келтірген ресми мәлімдемеге сүйенсек, қатысушылардың екеуі де тасжолда темекі шеккені анықталғаннан кейін нәтижелері толық жойылды және 2027 және 2028 жылғы Сямэнь марафонына қатысу құқығынан айырылды.
Жарыстың ішкі регламентінде темекі шегу “тәртіп бұзушылық” ретінде көрсетілген. Санкция деңгейі ескертуден бастап өмір бойғы банға дейін жетуі мүмкін.
Сямэнь марафоны — Қытайдағы ең ауқымды жүгіру додаларының бірі. World Athletics ұйымы бұл жарысты Platinum Label (платиналы деңгей) санатына жатқызады, яғни қатысушылар мен ұйымдастыру стандарты ең жоғары талаптармен бағаланады.
2026 жылғы жарысқа қатысты дерек бойынша, Сямэньде 38 ел мен аймақтан келген 35 000 адам стартқа шыққан.