Жұлдыз ойыншылар ұлттық құрамаға оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі

Бас бапкер Какау жуырда екі ойыншының есімін атады. Бірақ тізім мұнымен шектелмейді. 

Жұлдыз ойыншылар ұлттық құрамаға оралмақ
KazFootball.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Камара Собрал (көпшілікке Какау есімімен танымал) команда сапында бұрын өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншылардың қайта шақырылуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

"Мен ұлттық құрамадан кеткен ойыншылардың бірімен байланысқа шықтым және оны қайтадан командада көргім келетінін айттым. Дуглас пен Есенамановтың әлі де айтары бар деп есептеймін. Олар жас ойыншыларға үлкен көмек көрсете алады", — деді бас бапкер.

Құрамаға тағы кім шақырылады?

Бапкердің айтуынша, әңгіме ұлттық құрама сапында ұзақ жылдар бойы ойнаған және команда тірегіне айналған футболшылар туралы болып отыр. Атап айтқанда, Дуглас, Есенаманов сондай-ақ бұрын құрамадан кеткен басқа да тәжірибелі ойыншылар. Бірақ бапкер нақты есімдерді ашып айтқан жоқ.

Еске салайық, Какау Қазақстан футзал құрамасын 2013–2018 жылдар аралығында басқарды. Дәл сол кезеңде ұлттық команда тарихи жетістікке жетті. 2016 жылғы Еуропа чемпионатында қола жүлде иеленді.

Оқи отырыңыздар: 

2025 жылы қомақты табысқа кенелген спортшы кім?

Қазақтың көкпары Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енді

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір