Қазақтың көкпары Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.

Қазақтың көкпары Қырғызстандағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енді
egemen.kz

"Бұл – тек спорт емес, ұрпақ сабақтастығы" 

Айдарбек Қожаназаров көкпар мен көк-борудың ұлттық спорттағы орны ерекше екенін атап өтті.

Оның сөзінше, көкпар мен көк-бөрү – қазақ пен қырғыз халқының тарихи-мәдени болмысын айқындайтын басты ұлттық ойындар. Бұл тек жарыс түрі емес, тірі дәстүр әрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұра. Сондықтан халықаралық деңгейдегі мұндай ойындарда ұлттық спорт достық пен бірліктің символы ретінде көрініс табуы тиіс.

Неліктен бұл жаңалық маңызды?

Былтыр Ойындардың бағдарламасы бекітілген кезде жарыстар тізіміне тек көк-бөрү енгізіліп, көкпар тыс қалған. Ал көкпардың маңызы Қазақстанмен ғана шектелмейді: бұл спорт түрі Моңғолияда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Ауғанстанда да кең таралған.

Сондықтан көкпардың қайта енгізілуі көшпенділер ойындарына қатысатын елдер үшін де маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Дүбірлі додада 43 ұлттық спорт түрі қамтылып, шамамен 100 елдің қатысуы жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір