Нани аз болды: "Ақтөбе" тағы бір супержұлдызбен ҚПЛ-ды "жарып" жібермек

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасындағы трансферлік нарық қыза түсті.

Нани аз болды: "Ақтөбе" тағы бір супержұлдызбен ҚПЛ-ды "жарып" жібермек
t.me/karpinside

Пьянич бір жылға келісімшартпен келеді

Инсайдер Иван Карповтың ақпараты бойынша бұрын "Барселона" және "Ювентустен" ойнаған Миралем Пьянич "Ақтөбе" клубына ауысуға жақын.

35 жастағы Пьянич ақтөбеліктермен бір жылдық келісім жасамақ. Ол бұған дейін командаға қосылуы мүмкін деп айтылған 39 жастағы Наниден кейін клубтың тағы бір жұлдызды күшейтуі болмақ.

Инсайдердің дерегінде Пьянич пен Нанидің қаржылық шарттары да ерекше аталады. Екі футболшы да жергілікті лига тарихындағы ең жоғары жалақы деңгейіндегі келісімге қол қоюы мүмкін.

Миралем Пьяничтің карьерасы: Еуропаның топ-клубтары және түрлі лигалар

Пьянич футболдағы жолында бірнеше мемлекетте өнер көрсетті. Ол әр кезеңде жоғары деңгейдегі чемпионаттарда тәжірибе жинады:

  • Франция: "Мец", "Лион" 
  • Италия: "Рома", "Ювентус" 
  • Испания: "Барселона" 
  • Түркия: "Бешікташ" 
  • БАӘ: "Шарджа" 
  • Ресей: ЦСКА (Мәскеу)

Миралем Пьянич 2008–2024 жылдар аралығында Босния және Герцеговина ұлттық құрамасында ойнап, халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинаған ойыншылардың бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір