ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Ғалымжан Кенжебек гол мен ассист жасап, "Ахматқа" ірі жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиынындағы жолдастық кездесуде жарқ етті. Ол грозныйлық "Ахматтың" сербиялық ОФК (Белград) командасын 3:0 есебімен ұтуына тікелей үлес қосты.

Ғалымжан Кенжебек гол мен ассист жасап, "Ахматқа" ірі жеңіс сыйлады (ВИДЕО)
instagram/@akhmatgrozny

Кенжебектен — гол және нәтижелі пас

ОФК-ға қарсы ойында қазақстандық футболшы алаңға негізгі құрамда шықты. Кенжебек кездесудің 31-минутында айып алаңына кіре бере сол жақ бұрышты дәл көздеді.

Ал 45-минутта сол қапталдан төмен пас шығарып, шабуылшы Мохамед Конатеге гол соғуға мүмкіндік жасады. 

Екінші таймда 53-минутта Брайан Мансилья үшінші голды соғып, матчтың қорытынды есебін бекітті — 3:0.

Кенжебек үзілісте ауыстырылды. Ал Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Максим Самородов бұл матчта қосалқы құрамда қалды.

"Ахматтағы" екінші ойыны

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек 10 қаңтарда "Ахмат" сапына ресми түрде қосылған. ОФК-ға қарсы ойын — оның грозныйлық клубтағы екінші кездесуі. Бұған дейін Түркиядағы бақылау матчында Станислав Черчесов шәкірттері сербиялық "Нови-Пазарға" 0:1 есебімен жол берген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.