"Ақтөбе" Томас Мюллерге ұсыныс жасады: неміс жұлдызының жауабы белгілі

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан Премьер-лигасындағы ықтимал сенсациялық трансфер туралы ақпарат тарады.

"Ақтөбе" Томас Мюллерге ұсыныс жасады: неміс жұлдызының жауабы белгілі
cnn.com

Келісімшартқа жақын еді, бірақ бір себеп тоқтатты

Инсайдер Иван Карпов мюнхендік "Баварияның" аңызы әрі Германия құрамасының бұрынғы көшбасшыларының бірі Томас Мюллерді "Ақтөбе" өз қатарына қосуды көздегенін хабарлады.

Карповтың жазуынша, 36 жастағы неміс футболшысы 2026 жылдың жазына дейін келісімшарт жасауға жақындаған. Бірақ кейін бұл ойынан бас тартқан.

Инсайдердің дерегіне сәйкес, шешімге әсер еткен басты фактор — Қазақстан Премьер-лигасында жасанды төсенішті алаңдарда ойнау қажеттігі. Мюллер дәл осыны білген соң ойын өзгерткен көрінеді.

Мюллер қазір қайда ойнап жүр?

Қазір Томас Мюллер Канададағы "Ванкувер Уайткэпс" клубының намысын қорғайды. Осы уақытқа дейін ол команда сапында 13 матч өткізді. 9 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, Мюллердің мансабының негізгі бөлігі "Бавариямен" байланысты. Ол мюнхендік клубта 2007 жылдан 2025 жылға дейін өнер көрсетіп, команда тарихындағы ең танымал ойыншылардың біріне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір