Астанадағы Чемпиондар лигасы: "Қайратты" қанша жанкүйер қолдайды?
Алматының "Қайраты" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі Қазақстандағы соңғы ойынын елордада өткізеді. 7-тур аясында "Брюггеге" қарсы матч қарсаңында билет сатылымы әлі толық қарқын алған жоқ.
NUR.kz
Билет сатылымы: әзірге жартысы ғана өткен
Электронды билет сататын банк қосымшасындағы дерекке сүйенсек, қазір билеттердің шамамен 50 пайызы ғана сатылған.
Ал “Астана Арена” стадионының сыйымдылығы — 30 мың көрермен.
Көбірек сұранысқа ие болғаны — қақпа артындағы секторлар:
- 15 000 теңгелік (ең арзан) билеттер негізінен тезірек сатылған;
- 25 000, 35 000 және 50 000 теңгелік орындардың сатылымы салыстырмалы түрде баяу.
Матч қашан өтеді?
- Күні: 20 қаңтар
- Басталуы: 20:30
- Өтетін орны: “Астана Арена”
Бұл матч алматылық клуб үшін Чемпиондар лигасы аясындағы Қазақстандағы соңғы “үй” ойыны болмақ. Сондықтан трибуналардың қаншалықты толатыны — жанкүйерлік қолдаудың нақты көрсеткіші.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet