ҚПЛ-да тағы бір жекеменшік клуб пайда болды
Клубты сатып алу бойынша құжаттарды рәсімдеу басталып кеткен.
Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) тағы бір клуб жеке меншікке өткелі жатыр. Атап айтқанда, «Атырау» футбол клубын елдің батысындағы ірі мекеме иесі басқаруға алады.
Telegram-дағы AmanVIBE арнасының мәліметі бойынша, Батыс өңірде ірі логистикалық компания саналатын «Ақ-руно» компаниясының иесі Алимбек Мұқанов клубты сатып алу бойынша құжаттарды рәсімдеуді бастап кеткен. Егер мәміле толық аяқталса, «Атырау» ҚПЛ-дағы алтыншы жекеменшік клуб атанады.
Жекешелендірілген клубтар саны артып келеді
Бүгінде Қазақстан Премьер-Лигасында жекеменшік басқаруға өткен клубтар тізімі мынадай:
- «Жеңіс»
- «Елімай»
- «Ақтөбе»
- «Қызылжар»
- «Қайсар»
«Атырау» бұл тізімді толықтыруы мүмкін.
Айта кетейік, өткен маусымда «Атырау» ҚПЛ-да 11-орын алып, турнирлік кестенің төменгі бөлігінде орналасқанымен, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Оқи отырыңыздар:
Қазақстандық файтер топ-лигадағы дебюті үшін қомақты сыйақы алды
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады