ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Қазақстанның үздіктері Australian Open-де сәтсіздікке ұшырады

Отандастарымыз бразилиялық Марсело Демолинер мен нидерландтық Жан-Жюльен Ройерге жол берді. 

Қазақстанның үздіктері Australian Open-де сәтсіздікке ұшырады
NUR.KZ

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Australian Open–2026 турнирінің жұптық сынында жарысты ерте аяқтады.

1/32 финал кезеңінде қазақстандық дуэт бразилиялық Марсело Демолинер мен нидерландтық Жан-Жюльен Ройерге қарсы кортқа шықты. Кездесу екі сетте аяқталып, қарсыластардың жеңісімен түйінделді. Қорытынды есеп — 6:3, 6:2.

Статистика

Матч барысында Бублик пен Шевченко:

  • 2 эйс орындады;
  • 2 қос қателік жіберді;
  • 2 брейк-пойнттың біреуін де пайдалана алмады.

Ал Демолинер мен Ройер:

  • 4 эйс жасады;
  • 4 қос қателікке жол берді;
  • 4 брейк-пойнттың 3-еуін сәтті жүзеге асырды (75%).

Айта кетейік, Александр Бублик пен Александр Шевченко Қазақстанның жекелей сындағы бірінші және екінші ракеткалары болып саналады. Бублик қазіргі таңда ATP рейтингінде 10-орында, ал Шевченко 97-сатыда тұр. Алайда екеуі де жұптық әлемдік рейтингке енбеген.

Оқи отырыңыздар: 

Қазақстандық файтер Нурмагомедовты жақтап шықты

"Брюгге" Астанаға 50 млн еуро кадрлық шығынмен келді

Еурокубоктарда көмектесе алмай ма? Дастан Сәтпаевтың оралатын мерзімі нақтыланды

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.