"Қайратпен" Чемпиондар лигасындағы соңғы “үй” матчында ойнайтын бельгиялық "Брюгге" Астанаға бірқатар негізгі ойыншыларсыз жетті.
Мәліметке сәйкес, бельгиялық клубтың ең бағалы футболшысы саналатын грек вингері Христос Цолис матчқа қатыспайды. Оның ойыннан тыс қалуына арқа жарақаты себеп болған.
Сондай-ақ Рафаэль Оньедика да жоқ. Ол Нигерия құрамасымен Африка кубогында жартылай финалға дейін жетіп, сенбі күні қола жүлде үшін матч өткізген. Осыған байланысты ойыншы Астанаға келмеген.
Осы екі футболшыны нарықтық құны бойынша бағалайтын дереккөздер 30 млн және 20 млн еуро деңгейінде көрсетеді. Демек, ойын алдындағы жалпы кадрлық шығын 50 миллион еуроға жуық болып тұр.
Кадрлық мәселе тек қонақтарға тән емес. “Қайрат” сапында да бірқатар жаңалық бар:
Еске салайық, бұған дейін Бельгия құрамасы Астанада 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі матчты өткізген. Ол кездесуде есеп 1:1 аяқталып, голдарды Дастан Сәтпаев пен Ханс Ванакен соққан еді.
Сол ойында Ванакеннен бөлек, алаңға Хоакин Сейс пен Ромео Вермант та шыққан. Көпшілік ол матчтағы басты қаһарман ретінде “Қайрат” қақпашысы Темірлан Анарбековты атаған.