Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков ресми хат жариялады.
Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты маңызды ақпаратпен бөлісті.
Ерденбеков Instagram Stories парақшасында VADA (Ерікті антидопингтік қауымдастық) өкілінен келген ресми хатты жариялады. Құжатта Әлімханұлынан алынған В сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес тексерілгені көрсетілген.
«Біз дайынбыз!», — деп жазды федерация басшысы дисциплинарлық комиссия отырысына дейінгі таймерін қоса жариялап.
Допинг ісі бойынша тәртіптік тыңдау бүгін, 19 қаңтарда өтеді. Оның қорытындысы бойынша Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық титулдары мен мансабына қатысты шешім қабылданады.
Еске салайық, желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылып, соның салдарынан оның WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған болатын.
Осыдан кейін «Қазақ стилі» командасы В сынамасын ашуды талап етті. Ал боксшының өзі арнайы мәлімдеме жасап, тыйым салынған препаратты әдейі қолданбағанын атап өтті.
Оқи отырыңыздар:
Энтони Джошуа қайғылы жол апатынан кейін шешім қабылдады
Бас бапкер ауысты: Санжар Тәшкенбайдың болашағы бұлыңғыр ма?
Данияр Елеусіновке Бақыт Сәрсекбаевпен жекпе-жек ұсынылды: Олимпиада чемпионы нақты жауап берді