Реклама
Реклама

Әлиев ресми түрде ҚПЛ клубын басқарды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:30

Өткен маусымда қазақстандық маман "Жеңіс" клубында қызмет атқарған еді. Одан бөлек бапкер түркиялық "Истанбулспорды" басқарған.

Пиралы Әлиев. Фото: "Жеңіс" ФК

Қазақстандық маман Пиралы Алиев ақтаулық «Каспийдің» бас бапкері болып ресми түрде тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Пиралы Алиев – Алматыдағы футбол мектебінің түлегі. Ойыншы ретінде "Қайрат", "Атырау", "Жетісу", "Локомотив", "Тобыл", "Ордабасы" және "Ертіс" клубтарында өнер көрсетті.

2006 және 2007 жылдары "Жеңіс" сапында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы үшін бес матч өткізген.

Бапкерлік мансабы жайлы

Бапкерлік мансабын 2021/2022 маусымында Түркияның "Истанбулспор" клубының жастар командасының бас бапкері ретінде бастады. 2023/2024 маусымында жастар командасымен жергілікті "В" дивизионының чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2023 жылы Түркия Суперлигасында "Истанбулспордың" негізгі командасында бас бапкер міндетін атқарып, екі ойын өткізді. 2024 және 2025 маусымдарында "Жеңіс" ФК-ның бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды.

Айта кетейік, "Каспий" өткен маусымда Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, Премьер-лигаға қайта оралды.

Реклама
Реклама