Реклама
Реклама

"Қайрат" – "Брюгге" матчында қонақ жанкүйерлер "Боратты" сомдады (Видео)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:26

Бейне кадрдан бірнеше жанкүйер шомылатын ашық түсті киім кигені көрінеді. Полиция оларды бөлімшеге алып кеткені белгілі болды.

Коллаж Penalty.kz

Астанада өткен "Қайрат" – "Брюгге" матчында шетелдік үш жанкүйердің шомылуға арналған киіммен отырған видеосы әлеуметтік желіде тарап, оларды полиция ұстады.

Стадионнан түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланған. Жазба авторының айтуынша, "Брюгге" жанкүйерлері матчқа "Борат" фильмін еске салатын жасыл түсті шомылу киімін киіп келген.

Полиция іс қозғады

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне 20 қаңтар күні ойын барысында үш ер адам айналасындағылардың тыныштығын бұзып, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекет жасағанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушыларға мас күйде қоғамдық орынға келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған. Сонымен қатар олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Астана полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті күшейту қамтамасыз етілетінін еске салады. Белгіленген тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады" - деп мәлімдеді полиция.

Реклама
Реклама